Ақ Орда

Ақ Орда – Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі – Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орда хандары – Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ т.б. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды.

Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты.Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. ХІҮғ. Соңы мен ХҮғ.басында Алтын орданың саяси ыдырауы,Шығыста орталығы Кіші Азияда болған жаңа дүниежүзілік державаның пайда болуына сәйкес келді. Алтын орданың құлау себебінің бірі Темірдің Дешті Қыпшаққа қарсы жойқын шабуылдарының салдарынан болды. Әмір Темір (1336-1405) ХІҮғ. 70ж Мауереннахрде өз билігін орнатып, шамамен 35жыл билік басында юолды. Темір Алтын орданы құлату үшін Ақ Ордаға қарсы жаулап алу жорықтарын жүргізді. 70-80 Моғолстан мен Ақ ордаға қарсы 10 жуық жорықтар жасады. Оңтүстік Қазақстанның Сығанақ, Отырар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары Орыс ханны өлгеннен кейін Темірдің қол астына кірді.1380ж Тоқтамыс Темірдің қолдауымен Сарайды басып алады. 1382ж ол Мәскеуге әйгілі жорықты ұйымдастырады. Тоқтамыстың таққа отыруынан бастап, Темірмен қақтығыс басталды.1395-1396ж Темірдің Алтын Ордаға соғысы барысында көптеген сауда жолдары мен қалалық жүйесі дамыған ұлыстар аяусыз қырғынға ұшырады. Әмірдің өмірінің соңында оның қол астына Мауереннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғаныстан, Үндістанның бір бөлігі кірді. 1404-1405ж қысында Қытайға жорыққа шықты, бірақ 1405ж ақпанд Отырарда қайтыс болды. 1405ж Сібірде, Ертіс бойында Алтын Орданың соңғы күшті билеушісі Тоқтамыс өлтірілді.Әбілхайыр Ордасы — 15 ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.

Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайх-оғланның баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Ибақ хан, Береке сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.1450 жж. Әбілхайыр Мәуереннахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

Пікір қалдыру