Қазақ хандығы. құқық жүйесі

Мемлекетті органдар жүйесінде ең жоғарғы билікті хан иеленетін.
Әдетте руларды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды немесе кейбір жағдайларда төрелер хан көтеріліп басқару құқығына ие болды. Ру ақсақалының юрисдикциясына ішкі сот, өзара көмек беру, рудың ішкі қатынастарының мәселелері жатты. Әскер құру принципінде Керей салған жүйе хандық билік жойылғанша сақталып отырды деп айтуға толық негіз бар. Қазақ әскерінің негізін еркін көшпеліден тұратын жасақ құрады. Жасақ рулық тайпалық принцип бойынша құрылды. Бас қолбасшы болып хан сайланды. Кейде бас қолбасшылық міндеттері сайлау негізінде өзін дарынды көрсете алған адамдарға өтетін.
1473-1480 жылдары билік құрған Жәнібек Түркістан өңірінде ықпалын күшейтуге тырысты. Қазақ хандарының мемлекет өмірінің алғашқы кезеңіндегі маңызды реформалары бұдан кейінгі дәуірдегі хандықтың дамуы мен өркендеуіне қуатты негіз қалыптастырды. «Қазақтың алғашқы билері мен жырауларының саяси-құқықтық идеяларының мәні» деген атауға ие екінші бөлімшеде жыраулардың саяси-құқықтық ойлары қарастырылады.
Қазақтың тұңғыш билерінің бірі – Асан қайғы саяси тұрақтылық пен бейбіт өмірді жақтаушы. Ол геостратегиялық тұрғыдан Қазақ хандары үшін ең маңызды орын алуы керек жәйт – Батыс пен Шығысты жалғастырып, Шыңғыс хан дәуіріндегі мәдени, рухани орталық болып табылған Еділ мен Жайықты иеленуді ұсынады. Бұл жырау тілімен айтқанда Жерұйық түсінігіне саяды.
Асан қайғы – хандық биліктің жақтаушысы, әрі жыршысы. Жырау үшін халықтың жағдайын жақсартудың көзі – монарх. Кез келген жағдайда Асан қайғы реформаның жоғарыдан жасалуын қалайды, яғни эволюциялық дамуды қолдайды.
Қазтуғанның саяси-құқықтық ойлары туған жер, атамекенді қорғау, ата жұртты мадақтау, елдің тыныш өмірін жақтау екендігі айқын. Ол Еділ мен Жайыққа жетер жер жоқ екендігін, Ноғайлы қазаққа жететін халық жоқ екендігін, бірақ халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өмір кешуіне қауіп төніп келе жатқандығын баса айтады . Заманның өзгерісін ескеріп, жаңа заман талаптарына сай өмір сүру керек. Халық бірлігі – басты құндылық. Саяси және құқықтық ойлардың ішінде Қазтуған ойларының ерекшелігі сонда, көп жылдар алдын ала болатын жәйларды болжаған жырау, халық тағдырын дәл табады. Дәл тауып қана қоймайды, осы жағдайлардың орын алуына ықпал еткен себеп, салдарды қарастырады. Бодандықтан аман қалудың жалғыз жолы – рухы тәуелсіз, күшті келешек буын, ұрпақ қалыптастыруда. Алайда, түрлі тарихи процестер нәтижесінде бодандыққа түскен қазақ халқының өзі де бұл проблемалардан алшақ қала алмады. Жастарды тәрбиелеуде ұлттық нышандарды ескермеу, ұлттық ділдің, діннің, тілдің қолдану аясынан шығып кетуі ұлттың аман қалуына қауіп төндірді. Бұл қауіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де жойылған жоқ. Қазтуған шығармалары мен саяси-құқықтық көзқарасы бүгінгі күні де өз маңыздылығын жойған жоқ. Жыраудың ұлттық мемлекетке деген көзқарасы бүгін Қазақстан үшін ғана емес, саяси тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген барлық мемлекеттер үшін ерекше. Билікті орталықтандыру және қалалық өркениетті дамыту Қасым ханның ойы бойынша мемлекеттің беріктігін қамтамасыз ететін факторлар болды. Осыған байланысты Қасым өз жоспарларына Қазақ хандығының құрамына Сыр өңіріндегі бекініс қалаларды енгізуді мақсат етіп қояды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев былай деп жазады: «Кезінде «қоныс алу» үрдісін шапшаң жүргізген көрнекті хандардың бірі Қасым еді. Оның сыртқы саясаттағы сәтті қадамы Сырдария бойындағы қалаларға қазақ билігін бекіте түсу жолындағы күрес болды».
Қасым хан дәуіріндегі сыртқы саясаттың тағы бір векторы Ресей болып белгіленді. Құқықтық реформаларына тоқталар болсақ, Шыңғысхан заманынан бері кодификацияланбаған Яссыларды жүйелеп, нормативті актілердің жаңа жинағы «Қасым ханның қасқа жолының» шығуына ықпал етті. Бұл құқық жүйесі бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды». Заңдар жинағы бес тараудан тұрды:
«1. Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
2. Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау,
ұрлық мәселелері).
3. Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан мәселелері).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т.б.)».
Хақназардың негізгі саяси-құқықтық мақсаты хандықтың тұтастығын сақтап, көршілерінен қорғану болатын.
«Вся политическая деятельность Хаккназар-хана была направлена на интеграцию казахского общества и обеспечение безопасности своей страны от внешних вторжении».
Тәуекел ханның негізгі ойы Қазақ хандығын қуатты, күшті мемлекет етіп қана қою емес, оны Орта Азияны біріктіретін алпауыт империяға айналдыру еді.
Заңгер-ғалым М. Сәрсембаев Тәуекел хан Мәскеуге өз елшісін әскери одақ құру үшін жіберген деген дерек келтіреді: «Посол казахского хана Тевеккеля Кул-Мухамед в 1594 году прибыл в Московское государство для заключения военного союза».
Есім ханны
ң сыртқы саясаттағы бағыты Тәуекел ханның сыртқы саясатының зањды жалғасы болып табылды. «1580-1594 жылдары Сырдария қалаларын, Түркістан жерін құтқару үшін өзбек хандарымен шайқастар үздіксіз жалғасып жатты. Нәтижесінде Есім ханның (1598-1628) тұсында Ташкенттен бастап, Сырдария бойындағы қалалар Қазақ хандығының билігіне өтті» [13, 142 б.].
«Есім ханны
ң ескі жолы» нормативті актілерінің жиынтығы Қазақ хандығында кең қанат жайып келе жатқан жаңа қатынастарды реттеуге бағытталды. Қасым хан қағидаларынан ауытқымай, оны келесідей баптармен нығайтты.
«1.Хан болсын, хан
ға лайық заң болсын (яғни, хан өз мемлекетінің қолайына жаққан заңды белгілеуге құқылы).
2.Батыр болсын, жоры
қ жолы мақұл болсын (яғни, ер-азамат жау алдынан белсеніп шығуға, әрі жауды жеңіп қайтуға тиіс).
3.Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын (я
ғни, білімді кісілерді құрмет тұтуға тиіс).
4.Би болсын, би т
үсетін үй болсын (яғни, билер өздерінің іс басқару аппараттарын құрғаны ләзім)».
Тәуке ханның 1680 ж. билікке келуі қазақ қоғамында бұрын-соңды орын алмаған кең қоғамдық саяси реформаларға жол ашты. Профессор Б. Кенжебаев Тәуке ханның қазақтың бірлік-ынтымағын, жауынгерлік күш-қуатын күшейту, ел басқару ісін тәртіптеу мақсатында мынадай заң шығарды дейді: «1) жыл сайын рубасылар мен ақсақалдардың кеңесі болсын, ол ханның қатысуымен халық тұрмысының аса маңызды мәселелерін қарап шешсін; 2) кеңеске
қатысатындар тегіс қару-жарақты болсын, қару жарағы жоқтарға кеңесте дауыс берілмейді; 3) хан тұқымдарынан басқа қару-жарақ асынуға жарайтындар жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлесін, бұл ханның қазынасына түсіп, халық ісін басқаруға жұмсалсын».
Тәуке ханның реформаторлық қызметінің шырқау шегін «оның Қазақ
даласындағы нормативтік құқықтық актілерді кодификациялауы» деп қарастыруға болады. «Жеті жарғы» негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен орталық биліктік органдардың өкілеттігін айқындау. «Жеті жарғыдағы» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, мұрагерлік, меншіктік құқықтар мен алым-салық, рухани, әлеуметтік, саяси өмір қағидалары бүкіл қазақты бір шаңырақ, орталықтанған мемлекет туы астына топтастыру, хандық аппаратын нығайту, жамағатты бір заңға бағындыру, сол арқылы халықтың саяси-әлеуметтік салаларын қорғауға бағышталған еді».
Есім ханның тұсындағы саяси процестердің күрделенуі бір топ жырауларды тарих сахнасына шығарды. Солардың бірі – Марқасқа жырау. Есімді Қазақ хандығын нығайтушы деп қарастырып, қолы келгенше осы ханның жеке билігін нығайтуға үлес қосқандығын ескерсек, жыраудың монархиялық бағытты қолдайтындығын айқындау аса қиынға соқпас. Есім хан партиясының белді өкілі:
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңрісіп жатырсың»– деп саяси көзқарастарын жеке адамға байланыстырып емес, қайта еркіндік пен бейбітшілік идеяларына басымдық беретіндігін білдіреді.
Қазақ қоғамындағы билердің саяси-құқықтық ойлары туралы А.Қ. Нурлин былай дейді: «Қазақ қоғамындағы билердің саяси-құқықтық көзқарастарында әділеттілік, теңдік, әділетті басқару ерекше орын алған. Билердің шешімдерінде адамға, адамның өміріне деген құрмет те, адамгершілік ұлы сезім де, көпшілікті кісілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мұрат тұтқан аталық, даналық мәселесі де бар».
Төле бидің саяси-құқықтық көзқарастары Қазақ хандығының дамуындағы ең ауыр кезеңде қалыптасады.
Қазақ халқының ауыр тұрмысы тек жоңғар шапқынышылығымен емес, Орта Азия хандықтары тарапынан көрсетіліп отырған қарсылық әрекеттерінен де көрініс табады. Қазақтың басына төнген қауіпті Төле:
«Б
ұлай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар.
Б
ұлай барсаң қалмақ бар,
К
үшіңді ептеп салмақтар…»- деп айқындады.
Төле би бір жағы өз билігін нығайту мақсатында, екінші жағынан ықпалы күннен күнге күшейіп келе жатқан, жаңа функцияларды иеленген билер мен батырлар билігін нығайту үшін теңдік принципін тереңдетуге тырысады.
Дала жағдайында би алдында бәрі тең ғана емес, оның шешімін орындауға міндетті. Ақсүйек тұқымы төре де белді бидің айтқан сөзін жерге тастап кете алмайды.
Төле бидің гендерлік саясаты мен жесір дауына байланысты қолданған шешімдері туралы заңгер-ғалым Н.Қ Мыңбатырова былай дейді: « … Ел арасында кең тараған «Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай», «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі», «Емшегіңнің сүті кетпесін бауырыңның жылуы кетпесін» сияқты қанатты да нақыл сөздері осы ойымыздың куәгерлері».
Төле би тек ішкі даулармен шектелмей, халықаралық арбитраж функциясын да атқарған. Бұған дәлел Ресей патшалығының елшісі К. Миллермен болған оқиға куә.
Ең басты мақсаттардың бірі ретінде Қазыбек би ауызбірлік пен ұлттың азаттығын алғашқы орынға қояды. «Жоңғар басқыншыларына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттығы жолында аянбай тер төгеді». Оның қызметінің негізгі бөлігі қазақ-жоңғар қатынастарын реттеуші, бейбіт әрі тең қатынастарды қолдаушы адам ретінде белгілі. «Біз қарастырып отырған және одан бұрынғы тарихи кезеңдерде қазақ қоғамында елшілік қызметі негізінен билердің үлесіне тиді». Қазыбек бидің бірнеше дүркін елшілікке баруы заманының ішкі және халықаралық құқық принциптерін анықтауға мүмкіндік бар. Ең бірінші әрі маңызды принцип – мемлекет үшін ең басты байлық адам мен оның денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары. Екіншіден, Қазақ хандығы егеменді теңдік принципіне сәйкес, тең іргелі мемлекетке елшілік жіберді. Үшіншіден қазақ хандығы ешкімді басынбайды, өзін де ешкімге басындырмайды. Қоғамның құқығы жеке адамдардың құқықтарынан құралады. Жеке адамның еркіндігі – қоғам еркіндігі. Сондықтан, жәбір көрген қандастың құқықтары қорғалып қана қоймай, толық мөлшерде ұшыраған шығындар қалпына келуі керек. Қазыбек би үш жүздің басын біріктіру ісін, күш қолданбастан, әділдік принциптеріне негізделе отырып, жүзеге асыруды қолдайды. «Үш жүздің ішінде шешілуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы-қасында жүріп, хандардыњ сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай-ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген».
Жастайынан саяси, билік істеріне араласқан Әйтеке қазақ қоғамында құқықтың негізгі принциптерін айқындаған «Жеті жарғыны» жазуға ат салысып, адамдардың заң, сот алдындағы теңдік принциптеріне жол ашқан белді саяси қайраткер. Руаралық қатынастарда ежелден маңызды болып саналатыны – жер дауы мен жесір дауы. Мұндағы Әйтекенің көзқарасы ұлттық бірлік идеясы тұрғанда, жеке адамның еркі ештеңе де тұрмайтындығын байқатады. Халық бірлігі үшін жеке адамның құқықтары бұзылуы мүмкін. Әйтеке үшін ең маңыздысы жүзаралық ауызбіршілікті сақтау. Әйтеке – дәстүршіл би. Дәстүр мен әдет-ғұрып нормалары Әйтеке үшін негізгі қайнар көз. Біртұтас нормативті база ислам құқығын да құрметтейді, дегенмен ислам құқығын дала жағдайына икемдеп қолданады. Бидің ойы бойынша Ұлы даланың құқықтық жүйесінің негізгі мақсаты әділеттік орнату. Әйтеке бидің соғыс құқығын жақсы біліп, бірқатар моральды нормаларды ұстағандығы белгілі. Әйтеке би қазақ қоғамындағы эволюциялық процестерге жете мән беріп, заң шығарушы орган болып табылатын хан кеңесінің алдында жауап беретін орталық органдар жүйесін құруды өзінің негізгі мақсаттарының бірі деп қабылдағандығы айқын. Уақыт өте келе бидің Ресей бағытын айқындап, Қазақ хандығы мен Ресей империясының тең құқықты қатынастар құруына ықпал еткен тұлға ретінде қалары сөзсіз. «Осы орайда, 1694 жылѓы Тәуке ханның орыс патшасына елшілік жіберуінде, ханның сол жылғы орыс елшілігін Түркістанда қабылдауында Әйтеке бидің тікелей қатысы бар деп қарағанды жөнге келер деп ойлаймыз».
Айтқандарымыздың қорытындысы: қазақ халқыныњ басына ауыр күн туғанда, дала элитасының өкілдері өздерінің маңызды істерін тамаша атқарып, қуатын арттыруға бар күш-қуатын жұмсағандығын дәлелдейді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s